Аймақ халқы АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді
Ислам революциясының жетекшісі: "Мен, Иран үкіметі мен халқы Ирактың Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы АҚШ қылмысын қатаң айыптаймыз. Аймақ халқы АҚШ-қа жиіркеніш білдіреді",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иранның түкпір-түкпрінен жиналған мыңдаған мейіргерлер және медбикелермен кездесуінде аймақтағы, әсіресе Ирактағы АҚШ-қа қарсы жиіркеніш толқынын халықтың Американың қылмыстарына табиғи реакциясы деп атап: "АҚШ-тың Хашд әш-Шаабиге қарсы шабуылы негізінде ДАИШ үшін кек алу болды. Өйткені ДАИШ-тың алдын алып, жойған күштер Ирактың халықтық ерік күштері еді",- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ АҚШ Президентінің Иракта сейсенбі кешке орын алған оқиғаға Иранды кінәлауы мен Иран халқына қоқан-лоққы көрсетуіне тоқталып: "АҚШ қателесіп отыр. Өйткені бұл оқиғаның Иранға еш қатысы жоқ. Ислам республикасының соғысуды көздемейтінін барша біледі. Бірақ Иран халқының мүддесі, ғиззаты, айбыны мен дамуына қоқан-лоққы көрсетушіге қатаң соққы беріледі",- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи сондай-ақ АҚШ-тың, әсіресе Ирак пен Ауғанстандағы Blackwater-дің қылмыстарын, мыңдаған қарапайым халқы мен ирактық ғалымдарды өлтіргенін еске салып: "Америкалық басшылардың олардың рұқсатынсыз аймақтың кейбір елдеріне барып, өз базаларына енуі АҚШ-тың аймақ елдері мен халықтары кемсітетін әрекеттерінің тағы бір мысалы",- деді.