Рухани: Санкцияларға қарамастан Иранның даму үдерісі жалғасуда
(last modified Wed, 01 Jan 2020 14:22:40 GMT )
Қаң 01, 2020 20:22 Asia/Almaty
  • Рухани: Санкцияларға қарамастан Иранның даму үдерісі жалғасуда

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкцияларына тоқталып, санкцияларға қарамастан Иранның даму үдерісі жалғасып жатқанын қуаттады.

 

Иранның солтүстік-батысындағы Ардебил облысына сапармен барған Хасан Рухани АҚШ-тың Иран халқын бағындыра алмағанына тоқталы, Иранның әртүрлі аймақтарында, әсіресе Ардебил облысында оңдаған маңызды экономикалық, өндіріс жобаларын іске асырып, инфрақұрылымдар салуын АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының нәтижесіз қалуының белгісі деп атады. Рухани дұшпандардың қате әрекеттерінен қайту қажеттігін қуаттап: "Келісімді бұзғандар шешімдерін өзгертіп, қателерін мойындауы керек",- деді.