Қаң 03, 2020 16:55 Asia/Almaty
  • Аятолла Хатами: Америкалықтар бұдан былай әлемде тыныштық көрмейді

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ тың Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор Қасым Сулейманиді шәһид еткенін айыптап: «Америкалықтар бұдан былай әлемде тыныштық көрмейді», деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында шәһид Сулейманидің шаршауды білмейтін қажырлы күрескер болғанын айтып: «Шәһид Сулеймани өз талпыныстарымен ДАИШ лаңкестік тобын жойды»,‑деді.

Ол шәһид Сулейманидің ислам әлемінде халықаралық деңгейдегі тұлға болғанын және бүгінде Ирак, Сирия мен Ливандағы қарсыласу өзегінің оны жоқтап, қара жамылғанын айтып: «Аймақты дұшпандардан тазартатын кез келді»,‑деді.

Теһран жұма намазының құтпагері генерал Сулейманидің әрдайым шәһид болуды армандағанын айтып: «Америкалықтар өздерінен шәһид Сулейманидің қаны үшін кек алынатынын білсін»,‑деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: «Шәһид Сулейманидің жолы жалғасуда. Оның жолы жүргіншісіз қалмайды»,‑деді.            

Тегтер