Революция жетекшісінің қатысуымен шәһид Солеймани мен оның майдандастарының жаназасы шығарылды
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солеймани мен оның майдандастарының жаназасын шығарып, намаз оқыды.
Иранның миллиондаған халқы дүйсенбі күні Теһранда генерал Ғасем Солеймани мен оның майдандастарымен қоштасу рәсіміне қатысты.
Бүгін таңертеңнен бастап генерал Ғасем Солеймани мен қарсыласу күштерінің басқа да шәһидтерімен қоштасу үшін Теһранға келген халық жаназа шығару рәсімі басталғанға дейін шәһид Солеймани қанының кегін алу туралы үшбу хатқа қол қойды.
Сардар Солейманидің мәйіті салынған табыт Иран халқының иығында Теһранның Енғелаб алаңынан Азаттық алаңына дейін апарылады. Содан кейін қоштасу үшін Құм қаласына жіберіледі. Ислам сардарын жерлеу рәсімі сейсенбі күні Керман қаласында өтеді деп жоспарланған.