Зариф: Батыс Азия аймағында орналасқан АҚШ күштерін шығару үдерісі басталды
Иран Сыртқы істер министрі Батыс Азия аймағында орналасқан АҚШ күштерінің кетуі басталғанын қуаттап: «Иранның жоғары лауазымды әскери басшысына қарсы лаңкестік әрекеттің салдары ерте ме, кеш пе АҚШ-тың шығысынан батысына дейін байқалады»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысы қажы Ғасем Солейманиді өлтіру қылмысына тоқталып: «АҚШ баршаға ешбір халықаралық заңға табанды емес екенін тағы дәлелдеді. Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет Ирактың ұлттық егемендігіне қарсы шабуыл және Иранның ержүрек сардарын үрейлі түрде өлтіру ғана емес, бұл Батыс Азия аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органды нысанаға алды»,- деп қуаттады. Зариф АҚШ Президенті мен Мемлекеттік хатшысының арсыздықпен сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жасағанына назар аудартып: «АҚШ ауыр азап келтіретін тиісті уақыт пен жерде жауап алады»,- деді.