Рухани: Иранның соңғы жауабы америкалықтарды аймақтан шығару
(last modified Wed, 08 Jan 2020 14:03:05 GMT )
Қаң 08, 2020 20:03 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның соңғы жауабы америкалықтарды аймақтан шығару

ИИР Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусының америкалық лаңкестерден қатаң кек алуына тоқталып, Иранның соңғы жауабын америкалықтарды аймақтан шығару деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  бүгін, сәрсенбі күні Үкіметтің отырысында америкалықтардың Иракта сардар Ғасем Солеймани мен оның қасындағы адамдарға қарсы жасаған лаңкестік әрекетін халықаралық негіздер мен заңдарды бұзу, соғыс қылмысы және халықаралық лаңкестік деп атап: "Америкалықтар бұл қылмысымен өз мақсаттарына жете алмады",- деді. Рухани америкалықтардың бұл әрекетімен үлкен тарихи қателік жасағанын баяндап: "Сардар Солеймани тек әскери қолбасшы болған жоқ. Ол саясаткер, стратег және партиялармен, топтар, тіпті аймақтың іші мен сыртындағы жоғары лауазымды қайраткерлермен саяси келіссөздер жүргізетін білікті адам болды",- деді. Рухани АҚШ-тың негізгі жауабын аймақ халықтарынан алу қажеттігін қуаттап: "АҚШ бұдан былай басқа қылмыс жасаса, қатаңырақ жауап алады",- деп баса айтты.