Зариф: АҚШ қателік жасайтын болса, Иран қатаң жауап береді
https://itolqyn.com/news/iran-i45010
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Ислам революциясы Сақшылар корпусының америкалық лаңкестерден кек алуына тоқталып, ИИР-ның АҚШ-тың әрбір қателігіне жауап қайтаратынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 08, 2020 20:09 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ қателік жасайтын болса, Иран қатаң жауап береді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Ислам революциясы Сақшылар корпусының америкалық лаңкестерден кек алуына тоқталып, ИИР-ның АҚШ-тың әрбір қателігіне жауап қайтаратынын қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатта: "АҚШ Батыс Азия аймағында соңғы күндерін өткізіп жатыр. АҚШ-тың бұл аймақта келешегі жоқ",- деді. Зариф Иран Ислам республикасы жүйесінің АҚШ үкіметінің лаңкестік әрекетіне әскери жауап қайтаруына тоқталып: "Соңында АҚШ аймақтан шығады, бұл үшін әскери әрекет қажет емес",- деді. Зариф ИИР   әрекетінің халықаралық құқық тұрғысынан заңды екеніне назар аудартып: "Аймақ мемлекеттері АҚШ-тың өте қатерлі әрекеттеріне қатты алаңдап отыр",- деді.