Рухани: Еуроодақ Вашингтоннан тәуелсіз ұстаным білдіруі керек
https://itolqyn.com/news/iran-i45029
ИИР Президенті АҚШ-тың қате және зиян келтіретін есептерін бұл елдің Иран мен аймақты тану қабілеті жоқтығының салдары деп атап: «Еуроодақ Вашингтоннан тәуелсіз ұстаным білдіріп, Иранның Еуропадан үмітін толық үзуіне жол бермеуі керек»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 10, 2020 16:09 Asia/Almaty
  • Рухани: Еуроодақ Вашингтоннан тәуелсіз ұстаным білдіруі керек

ИИР Президенті АҚШ-тың қате және зиян келтіретін есептерін бұл елдің Иран мен аймақты тану қабілеті жоқтығының салдары деп атап: «Еуроодақ Вашингтоннан тәуелсіз ұстаным білдіріп, Иранның Еуропадан үмітін толық үзуіне жол бермеуі керек»,- деп қуаттады.

Хасан Рухани Еуропа Кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен телефон арылы сөйлесіп: «Егер Еуроодақ аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолында жұмыс істегісі келсе, Теһран ынтымақтастықққа дайын»,- деді. Рухани Еуропаның АҚШ-тың лаңкестік әрекетіне реакция білдіруі керек екенін қуаттап: «АҚШ Иранға қарсы санкцияларын күшейтіп, тіпті фармацевтика мен азық түлік салаларында да экономикалық лаңкестік жүргізіп, Иранның үлкен қолбасшысын өлтіріп, халықаралық заңдарды бұзды»,- деді.

Еуропа Кеңесінің төрағасы да телефон арқылы сұхбатта Ирандағы соңғы бірнеше күнгі оқиғаларға көңіл айтып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы 10 жылдық келіссөздердің нәтижесі. Сондықтан Еуроодақ бұл келісімді сақтап қалу үшін бар күшін салады»,- деді.