Рухани: Егер шәһид Солеймани болмағанда, бүгін Лондонда тыныштық болмайтын еді
(last modified Fri, 10 Jan 2020 11:06:48 GMT )
Қаң 10, 2020 17:06 Asia/Almaty
  • Рухани: Егер шәһид Солеймани болмағанда, бүгін Лондонда тыныштық болмайтын еді

ИИР президенті Рухани Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлескенде: «Шәһид Ғасем Солейманидің талпыныстары болмағанда, бүгінде Лондонда қауіпсіздік болмайтын еді»,- деп қуаттады.

Хасан Рухани кеше бейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сұхбатта Иранның АҚШ-қа жауап қайтарып, Ирактағы америкалық әскери базаға шабуыл жасауын БҰҰ Жарғысының 51-ші бабы бойынша, заңды қорғаныс деп атап: «Сардар Солеймани аймақтың бүкіл халықтарының досы және лаңкестікке қарсы күрестің қаһарманы»,- деді. Иран Президенті АҚШ-тың лаңкестік әрекеттерінің аймақ қауіпсіздігі үшін шынайы қоқан-лоққы екеніне тоқталып: «Егер АҚШ тағы бір қателік жасаса, қатаңырақ жауап алады»,- деді.

Ұлыбритания Премьер-министрі де телефон арқылы сұхбатта Ирандағы өткен аптадағы оқиғаларына байланысты көңіл айтып, аймақтағы тынышсыздықтың күшеюі мен британиялық әскерилердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық, барлық тарапты қырағылыққа шақырды.