Зариф: Мемлекеттер АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруы керек
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Егер мемлекетер АҚШ-тың біржақтылығымен қарсыласпаса, көп шығын көреді»,- деді.
АҚШ Иран Сыртқы істер министріне Нью-Йоркке сапар шегу үшін виза бермеген соң Мохаммад Джавад Зарифтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін дайындаған сөзін сол ұйымдағы Иранның өкілі оқыды. Зариф АҚШ-тың біржақтылығы мен бұл үдерістің халықаралық заңдарға тигізетін зиянына тоқталып, ДАИШ сынды топтар үшін қорқынышты түс болған батыл адамға лаңкестік жасауын АҚШ әрекеттерінің бір мысалы деп атады. Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың жаңа режимі билік басына келгеннен бері БҰҰ Жарғысына қайшы жағдайда Иран мен басқа елдердің халықтарына қарсы қоқан-лоққы мен шабуылдарды арттырды. АҚШ ДАИШ-тың соғыс қылмыстарын үлгі етіп, Иранның мың жылдық өркениетінің мәдени мұраларына қоқан-лоққы жасауда»,- деп қуаттады.