Иран «Зафар» жерсерігін орбитаға шығаруға дайын
(last modified Tue, 28 Jan 2020 14:05:33 GMT )
Қаң 28, 2020 20:05 Asia/Almaty
  • Иран «Зафар» жерсерігін орбитаға шығаруға дайын

ИИР америкалық ақпарат құралдарының Иранның ғарышқа жерсерігін жіберуге дайын болуы жөніндегі жанжалды хабарларына реакция білдіріп, Иранның имам Хомейни атындағы нысанының «Зафар» жерсерігін орбитаға шығаруға дайын екенін қуаттады.


 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР Байланыс және технологиялар министрі Азари Джаһроми дүйсенбі күні кешке Twitter-дегі парақшасында: «Иранның бес жерсерігін орбитаға шығаратын уақыт кестесі де белгіленді",- деп жазды.

Азари Джаһроми америкалық ақпарат құралдарының ирандық жерсеріктерін оритаға шығару туралы қауесетінен бұрын: "Иран 6 жерсерігін орбитаға шығаруға дайын",- деп хабарлаған болатын.

 

 

 

Тегтер