Рухани: Иран халқының табандылығы мен бірлігі – АҚШ қастықтарының сәтсіздікке ұшырауының себебі
(last modified Wed, 05 Feb 2020 09:53:21 GMT )
Ақп 05, 2020 15:53 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқының табандылығы мен бірлігі – АҚШ қастықтарының сәтсіздікке ұшырауының себебі

ИИР Президенті Иран халқының табандылығы мен бірлігін АҚШ-тың Ислам республикасына қарсы қастықтарының сәтсіздікке ұшырауының себебі деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысының аясында АҚШ-тың еуропалықтарды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға көндіре алмағанына тоқталып: «Ақ үй «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісімінің күшін жою үшін еуропалықтарды өзіне қарай тартқысы келді, бірақ олар көнбеді және АҚШ-ты қолдамады»,- деді. Рухани сондай-ақ Иран халқының Ислам революциясының жеңісінің 41 жылдығына арналған шеруге жаппай қатысып, Ислам республикасы дұшпандарына тағы бір соққы беретінін қуаттады.

Иран халқы ағымдағы 2020 жылдың 11 ақпанында Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығын тойлайды.