Иран Президенті халықтың 22 баһман шеруіне жаппай қатысуын жоғары бағалады
(last modified Wed, 12 Feb 2020 08:39:40 GMT )
Ақп 12, 2020 14:39 Asia/Almaty
  • Иран Президенті халықтың 22 баһман шеруіне жаппай қатысуын жоғары бағалады

ИИР Президенті өз жолдауында Иран халқының 22 баһман шеруіне жаппай қатысуын жоғары бағалады.

Хасан Руханидің алғыс жолдауында былай деп айтылды: «Иранның революцияшыл халқының Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы Ғасем Солейманидің шәһид болған күнінің қырықымен тұспа-тұс келген 22 баһман шеруіне хабардар түрде бір ауыздан қатысуы тағы әлемдіктерге ұлттық бірлігі мен жанашырлығы және келісімін көрсетті. Иран халқының әсіресе қазіргі жағдайда Ислам революциясы жеңісінің жылдығына арналған 22 баһман шеруіне қатысуы берекенің артуына себеп болып, исламдық жүйенің армандары мен оның жоғары құндылықтарына табанды болуын көрсетті».