Генерал-майор Салами: Иранның Ейн әл-Асадқа жасаған шабуылымен Вашингтонның теңгерімі бұзылды
(last modified Tue, 18 Feb 2020 09:07:02 GMT )
Ақп 18, 2020 15:07 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иранның Ейн әл-Асадқа жасаған шабуылымен Вашингтонның теңгерімі бұзылды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Иранның Ейн әл-Асадқа жасаған шабуылымен Вашингтон теңгерімін бұзылғанын қуаттап: «Бұл әрекеттер Иранның стратегиялық реакциясының соңы емес, АҚШ қылмыстарына жауабының басталуы»,- деді.

 

Генерал-майор Хосейн Салами дүйсенбі күні «Al Mayadeen» арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы Ғасем Солеймани  мен майдандастарын террор етуіне Иранның қатаң жауап қайтаруына тоқталып: «Америкалықтар әр мемлекетке қарсы шығып, бірақ олардан жауап алмауға  әдеттенген. Алайда Иранның жауабы Вашингтонның есеп-қисаптары мен теңгерімін қайта қарауына себеп болды. АҚШ-тың қылмысына қарсы Иранның стратегиялық жауабы соғны америкалық Батыс Азия аймағынан шыққан кезде толық болады»,- деп қосты. Сардар Салами сионистік режимге ескерту жасап: «Израильдіктердің бүкіл жаулап алған жерлері Иран армиясының бақылауында. Ислам республикасы қарулы күштерінің есебі бойынша, сионистік режимнің америкалықтардан саны мен күші төмендеу»,- деді.