Аятолла Хатами: Иран халқы сайлауға қатысып, «АҚШ-қа – өлім» деп ұранданды
(last modified Fri, 21 Feb 2020 11:46:57 GMT )
Ақп 21, 2020 17:46 Asia/Almaty
  • Аятолла Хатами: Иран халқы сайлауға қатысып, «АҚШ-қа – өлім» деп ұранданды

Теһран жұма намазының имамы Иран халқының бүгінгі Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауына жаппай қатысуына тоқталып: «Иран халқы сайлауға қатысып, «АҚШ-қа - өлім» деп ұранданды»,- деді.

Теһран жұма намазының имамы аятолла Хатами халықтың сайлауға жаппай қатысуы АҚШ-ты ызаландыратынына назар аудартып: «Дұшпандар мен олардың қарамағындағы ақпарат құралдар Иран халқынан сайлауға қатыспауды өтінді, бірақ Иран халқы өзінің дауыс беруімен оларға қатаң жауап қайтарды. Халықтың сайлауға қатысуы дұшпандарды үмітсізденуіне және керісінше Иран халқының беделінің артуына себеп болды»,- деп қуаттады. Теһран жұма намазының имамы Батыс Азия аймағындағы өзгерістерге туралы: «Дұшпан Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді өлтіріп, қарсыласу ағымын әлсіретеді деп ойлады, бірақ АҚШ-тың Ирак пен Ливандағы сәтсіздіктері, тәкфиршілердің Алепподпн артқа шегінуі мн 9 жылдан кейін бұл қалада жолаушы тасымалдайтын ұшақтың қонуы өткен бірнеше күндегі қарсыласу ағымының жақсы хабарларынан болды»,- деп қосты.