Рухани: Америкалықтардың өз елінде тұмаудан өлген мыңдаған адамдар туралы ойлағандары жөн
ИИР Президенті америкалық басшылардың Иранның ішкі істері араласу уәждеріне тоқталып: «Америкалықтардың өз елінде тұмаудан өлген мыңдаған адамдар туралы ойлағандары жөн»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында коронавирустың дұшпандардың елдегі жұмыс пен өндірісті тоқтату қаруына айналмауын қуаттап: «Статистика өткен жылдарда АҚШ-та тұмаудың салдарынан 100000 жуық адамның өлгенін көрсетті. Америкалықтар өткен 2 жылда санкциялары және үгіт-насихаттарымен Иранның өндірісі мен экономикасын тоқтатқысы келді. Бірақ халықтың қырағылығы бұл қастандықтарды залалсыздандырды»,- деп қосты. Хасан Рухани Иранның коронавирусқа қарсы қажет шара қолдануларына назар аудартып: «Коронавирус Иран халқы мен үкіметінің ынтымақтастығымен жойылады»,- деді.