Коронавирустың таралуына байланысты Иранның 23 облысында жұма намазы өткізілмейтін болды
(last modified Fri, 28 Feb 2020 08:33:20 GMT )
Ақп 28, 2020 14:33 Asia/Almaty
  • Коронавирустың таралуына байланысты Иранның 23 облысында жұма намазы өткізілмейтін болды

Иранның кейбір облысында осы аптадағы жұма намазы коронавирустың таралуына байланысты өткізілмейтін болды.

Жұма намазы құтпагерлерінің саяси кеңесі дәрігерлер және Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық орталықтар қызметкерлерінің коронавируспен күресудегі талпыныстарына алғыс айтып: «Коронавирустың таралуына байланысты осы аптадағы жұма намазы Иранның 23 облысында өтпейтін болды»,-деді.

Осы мәліметке сәйкес, жұма намазы Ираннның түкпір‑түкпіріндегі басқа аудандар мен аймақтарда санитарлық ережелерді сақтай отырып өткізіледі.

Иранда коронавирусқа шалдыққандардың саны 245-ке, ал көз жұмғандардың саны 26 адамға жетті.