Иранның адам құқығы штабы: Үндістан үкіметі мұсылмандардың азаматтық құқыларын қамтамасыз етуі керек
Иран Жоғары сотының адам құқығы штабы Үндістандағы мұсылмандарға қарсы үрейлі шабуылды айыптап, бұл елдің үкіметінен үнділік мұсылмандардың азаматтық құқыларын қамтамасыз етуді сұрады.
Иран Жоғары сотының адам құқығы штабы өз мәлімдемесінде Үндістан үкіметінің мұсылмандарға қарсылар мен зорлық-зомбылық жасаушыларды жазалауы қажеттігін қуаттап: «Үндістандағы соңғы оқиғалар - адамгершілік негіздерді бұзу және іс жүзінде жазықсыз әлсіз адамдарды бірқатар арсыздардың зорлық-зомбылықтарының алдында қорғансыз қалдыру. Мұсылмандарға қарсы үрейлі шабуыл бұл елдегі британиялық отаршылардың әртүрлі халықтар мен діндер арасына от салу саясатының мұрасының әсері»,- деді. ИИР адам құқығы штабы әлемнің түкпір-түкпіріндегі бүкіл ұйымдар мен қоғамдық, ғылыми және мәдени топтарды, әсіресе студенттер мен оқушылардан және саяси тұлғалар мен тәуелсіз ақпарат құралдарды адамгершілік негіздер мен үнді мұсылмандарының өмірі мен намысын қорғауға шақырды.