Иранда коронавирус жұқтырғандардың 2100-ден астамы жазылды
(last modified Sun, 08 Mar 2020 16:12:57 GMT )
Нау 08, 2020 22:12 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирус жұқтырғандардың 2100-ден астамы жазылды

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирус жұқтырғандардың 2100-ден астамы жазылып, ауруханадан шығарылды»,-деп мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хатшысы Киануш Жаһанпур жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 6566 адамның коронавирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 194 адам вирустан көз жұмды»,-деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы күнге дейін әлемде 106 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырса, олардың 60 мыңнан астамы сауығып, 3600-ге жуық адам қаза тапты.