Раиси: Үндістан соты мұсылмандарды қырып-жоюшыларды жазалауы қажет
Иранның Жоғары соты Үндістандағы мұсылмандардың қырылып-жойлуына алаңдаушылық білдіріп, бұл елдің сот билігінен бұл қылмысты іске асырушыларды жазалауды сұрады.
Сейед Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Үндістандағы мұсылмандардың қырылып-жойлуын айыптап: «Үндістан басшылары америкалықтардың бұл елдің халқының арасында қайшылық тудырып, олардың бір-бірімен қақтығыстыру мақсаттарына қырағы болулары керек»,- деді. Раиси сондай-ақ Британияның Үндістандағы әсеріне тоқталып, бұл елдің үкіметінен экстремистерге қырып-жоюға рұқсат етпеуді сұрады, өйткені бұл қылмыстардың жалғасуы аймақ жағдайының одан сайын шиеленісуіне әкелетінін ескертті. Иранның Жоғары соты адам құқығы туралы уәжденетін қауымдастықтың Үндістандағы қылмыстардың алдында үнсіз қалуын сынап: «Адам құқығы жөнінде уәжденушілердің Үндістандағы ащы оқиғаларға үнсіз қалуы олардың адамдардың құқығының қамтылуын ойлаудан бұрын саяси кеңістікті үстемшілердің мүддесіне тудыруды ойлайтындарын көрсетті»,- деп қуаттады.
Үндістан үкіметінің жарияланған мәліметер бойынша, өткен аптадағы қақтығыстарда шамамен 50 адам қаза болды және 300-ден астам адам жараланды.