Раиси: Үндістан соты мұсылмандарды қырып-жоюшыларды жазалауы қажет
(last modified Tue, 10 Mar 2020 11:04:49 GMT )
Нау 10, 2020 17:04 Asia/Almaty
  • Раиси: Үндістан соты мұсылмандарды қырып-жоюшыларды жазалауы қажет

Иранның Жоғары соты Үндістандағы мұсылмандардың қырылып-жойлуына алаңдаушылық білдіріп, бұл елдің сот билігінен бұл қылмысты іске асырушыларды жазалауды сұрады.

 

Сейед Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Үндістандағы мұсылмандардың қырылып-жойлуын айыптап: «Үндістан басшылары америкалықтардың бұл елдің халқының  арасында қайшылық тудырып, олардың бір-бірімен қақтығыстыру мақсаттарына қырағы болулары керек»,- деді. Раиси сондай-ақ Британияның Үндістандағы әсеріне тоқталып, бұл елдің үкіметінен экстремистерге қырып-жоюға рұқсат етпеуді сұрады, өйткені бұл қылмыстардың жалғасуы аймақ жағдайының одан сайын шиеленісуіне әкелетінін ескертті. Иранның Жоғары соты адам құқығы туралы уәжденетін қауымдастықтың Үндістандағы қылмыстардың алдында үнсіз қалуын сынап: «Адам құқығы жөнінде уәжденушілердің Үндістандағы ащы оқиғаларға үнсіз қалуы олардың адамдардың құқығының қамтылуын ойлаудан бұрын саяси кеңістікті үстемшілердің мүддесіне тудыруды ойлайтындарын көрсетті»,- деп қуаттады.

Үндістан үкіметінің жарияланған мәліметер бойынша,  өткен аптадағы қақтығыстарда шамамен 50 адам қаза болды және 300-ден астам адам жараланды.