Ислам революциясы жетекшісінің коронавирусқа қарсыласу саласында сардар Бақериге берген бұйрығы
Ислам революциясы жетекшісі бейсенбі кешке Ислам республикасының қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Бақериге берген бұйрығында Иранның қарулы күштеріне коронавирусқа қарсы тұру саласында халыққа қызмет етуі үшін алғыс айтып, бұл аурудың одан әрі таралуының алдын алу үшін бұл қызметті «денсаулық сақтау және емдеу орталық» түрінде ұйымдастыру қажеттілігін қуаттады.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи: «Бұл шараны қолдану оқиғаның «биологиялық шабуыл» болуы мүмкін екендігі туралы дәлелдерге сәйкес, биологиялық қорғанысқа негізделген тұрғы мен ұлттық күш-қуатты арттыруы мүмкін»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі қарулы күштер қарамағындағы ұйымдары мен бөлімдерінің міндеттерін анықтауды орталық міндеттеріне кіретінін атап: «Бұл орталық жұмысын үкімет және Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріп орындауы керек»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи сөзінің соңында: «Алланың көмегі және хазірет Мәһдидің (ғ.с.) қолдауымен Иран халқы үнемі жеңіске жетіп, денсаулық пен қауіпсіздікке ие болып өмір сүреді»,- деген үміт білдірді.