Иранда коронавирусқа шалдыққан 3500-ден астам адам жазылды
Нау 13, 2020 19:54 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін Иранда коронавирусқа шалдыққан 3529 адам жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық қатынас және баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатында елде 11000-нан астам адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы уақытқа дейін 514 адам вирустан көз жұмды»,- деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін әлемде 135 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 70 мыңнан астам адам жазылса, 5000-ға жуық адам қайтыс болды.