Иранда коронавирус жұқтырған 5 мыңнан астам адам сауықты
Нау 17, 2020 17:35 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы уақытқа дейін елде вирус жұқтырған 5389 адам сауығып, ауруханадан шығарылды»,-деп хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 16169 адамның коронавирусқа шалдыққанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 988 адам вирус салдарынан көз жұмды»,-деді.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 184 мың адам коронавирус жұқтырса, олардың 80000 жуығы жазылып, кемінде 7000 адам қайтыс болды.