Рухани: Иранда үлкен жобалардың іске қосылуы шапқыншы алпауыт құдыретке мықты шапалақ беру болды
https://itolqyn.com/news/iran-i45954
ИИР Иран халқы мен үкіметінің санкциялық қиын жағдайда ірі жобаларын іске асыруына тоқталып: «Ирактағы АҚШ базасын нысанаға алған зымырандар сынды бұл жобалар алпауыт құдырет үшін мықты шапалақ болды»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 18, 2020 19:49 Asia/Almaty

ИИР Иран халқы мен үкіметінің санкциялық қиын жағдайда ірі жобаларын іске асыруына тоқталып: «Ирактағы АҚШ базасын нысанаға алған зымырандар сынды бұл жобалар алпауыт құдырет үшін мықты шапалақ болды»,- деп қуаттады.

 

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысының аясында журналистердің алдында ИИР-ның өткен бір жылдағы ауылшаруашылық, су мен тоқ өнеркәсібі, жол құрылысы мен мұнай және мұнай-химиялық салалардағы жетістіктерін еске салып: «Біріншы рет Иранның күн сайынғы газ өндіру мөлшері 1 млрд. текше метрге жетті»,- деді. Иран Президенті сөзінің жалғасында үкіметтің коронавируспен күресуге бүкіл күшін салуы туралы баяндап: «Кейбір еуропалық мемлекеттердің халқы дәретхана қағазы үшін дауласып жатқан кезде, санкцияларға қарамастан Иран халқының  азық-түлік және басқа басты тауралар қажеттілігі қамтамасыз етілді»,- деп қосты. Иран Президенті сондай-ақ коронавируспен күресу шебінің алғашқы қатарындағыларды ұмытпас үшін «Отан қаһармандары» деп аталған марканын шығарылуын жариялады.