Иранда коронавирусқа шалдыққандардың 6 мыңға жуығы емделіп шықты
(last modified Thu, 19 Mar 2020 14:47:10 GMT )
Нау 19, 2020 20:47 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандардың 6 мыңға жуығы емделіп шықты

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 5979 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Әлиреза Раиси бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 18 407 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай, осы күнге дейін 1284 адам вирустан көз жұмды»,-деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 222000-ға жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 85 мыңы жазылып шықса, 9 мыңға тарта адам көз жұмды.

Тегтер