Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 8 мың адам емделіп шықты
(last modified Sat, 21 Mar 2020 12:16:21 GMT )
Нау 21, 2020 18:16 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққан шамамен 8 мың адам емделіп шықты

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Осы күнге дейін елде коронавирусқа шалдыққандар арасында 7635 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды»,-деп хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде 20610 адамның вирус жұқтырғанын айтып: «Өкінішке орай,өткен күні 123 адамның өлімімен осы күнге дейін 1556 адам вирустан көз жұмды»,-деді.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 278000-ға жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 92 мыңнан астамы жазылып шықса, 12 мыңға тарта адам көз жұмды.