АҚШ-тың Ирактағы әрекеттері аймақтың тұрақсыздануы мен тынышсыздығына себеп болып отыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави америкалық күштердің Ирактағы әрекеттеріне тоқталып: «Бұл қимылдар Ирактың ұлттық егемендігін бұзумен қатар Батыс Азия аймағының тұрақсыздануы мен тынышсыздығына себеп болып отыр»,-деді.
Сейіт Аббас Мусави сейсенбі күні кешке Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатта: «Ирактағы америкалықтардың жуырдағы әскери әрекеттері осы елдің Үкіметі, Парламенті мен халқының талап-тілегіне қайшы»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекші Хусейн Абдуллахиан сейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Егер америкалықтар тағы әскери қателік жасаса, олардың аймақтан шығуы тездетіліп, сионизмнің тоқтатылатыны күмәнсіз»,-деді.
Абдуллахиан Ақ үйдің Ирак халқы мен діни үлгілерін жақыннан көргенін айтып: «АҚШ-тың Ирак пен аймақтағы соңғы күндердегі әскери әрекеттері мен орын алмастырулары психологиялық соғыс саналады»,-деді.