Рухани: Иранда қаупі азырақ экономикалық жұмыстар жанданады
(last modified Sun, 05 Apr 2020 13:20:23 GMT )
Сәу 05, 2020 19:20 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранда қаупі азырақ экономикалық жұмыстар жанданады

ИИР Президенті әлеуметтік қашықтықты сақтау жобасы аясында Иранда қаупі азырақ орта кәсіп иелері денсаулық сақтау ережелерін нақты ұстана отырып, 11 сәуірден бастап өз жұмыстарын қайта бастай алатынын мәлімдеді.

Хасан Рухани жексенбі күні Ұлттық коронавируспен күрес штабының жиналысында Денсаулық сақтау министрлігінің елде экономикалық белсенділіктерді сатылы тәсілмен біртіндеп қайта іске қосу туралы ұсынысына тоқталып: «Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтай отырып, экономикалық белсенділіктермен айналысуға болады»,-деді.

Рухани ИИР жүйесінің біртұтас екенін айтып: «Жамандық тілеушілер Иранның осы бірлігі мен біртұтастығын қызғанып, ашу-ызаға булығады»,-деді.