Әлемде коронавирус таралған жағдайда Батыс елдерінің антигуманистік келбеті әшкереленді
ИИР Сот органының адам құқығының штабы мәлімдеме жариялап: «Әлемде коронавирустың таралуы Батыс елдерінің, соның ішінде америкалықтардың антигуманистік бет-жүзінен адам құқығын қорғау туралы жалған бетпердені алып тастады»,-деді.
ИИР Сот органының адам құқығы штабы жексенбі күнгі мәлімдемеде Батыстың адам құқығы заңында экономикалық мүдделердің адам өмірінен артық екеніне және соңғы күндері Батыс елдерінің бір-бірінен медициналық заттар тиелген жүктерді ұрлау жайттарына тоқталып: «Батыстықтардың ұлттар құқығына қатысты тарихи қатынасына шолу олардың адамзатқа қарсы антигуманистік көзқарас ұстанатынын әшкереледі»,-деді.
ИИР Сот органының адам құқығы штабы АҚШ үкіметінің осы елдің түрмелерінде жатқан ирандық азаматтардың денсаулығын кепілдендіруге міндетті екенін айтып, халықаралық ұйымдардан, соның ішінде БҰҰ-дан түрмедегі ирандықтардың құқығын қорғауға қатысты міндетін орындап, АҚШ режимінің адам құқығына қарсы қатынасының бұдан ары осы елдің түрмелерінде жатқан ирандықтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруіне рұқсат бермеуін сұрады.