Иран Ирактың жаңа Премьер-министріне қолдау білдірді
(last modified Fri, 10 Apr 2020 12:06:45 GMT )
Сәу 10, 2020 18:06 Asia/Almaty
  • Иран Ирактың жаңа Премьер-министріне қолдау білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мұстафа Абдуллатиф әл-Каземидің Ирактың жаңа Премьер-министрі ретінде таныстырылуына қолдау білдірді.

Сейіт Аббас Мусави: «Иран әрдайым Ирактың тәуелсіздігі, ұлттық егемендігі, аумақтық тұтастығы және саяси тұрақтылығының сақталуын қолдап келеді. Бұл елдегі барлық саяси ағымдардың демократиялық үдерістер арқылы бір келісімге келуін қайшылықтарды бейбіт жолмен шешудің жалғыз жолы санайды. 

Барлық ирактық тайпалар, әртүрлі саяси топтар мен тұлғалардың тілеулесе жақтасуының елде халық пен діни үлгілердің талап-тілектерін қамтамасыз етуде, аймақ пен әлемде маңызды орынға ие  тұрақты да біртұтас мемлекет құруда әсерлі болғаны және бола беретіні күмәнсіз»,-деді.

Аднан әз-Зарфи Иракта Министрлер кабинетін құрудан бас тартқаннан кейін бұл елдің басшысы Бархам Салих бейсенбі күні Мұстафа Абдуллатиф әл-Каземиге жаңа Министрлер кабинетін құруды тапсырды.

Ирактың жаңа Премьер-министріне өз кабинетін құрып, Парламентке таныстырып, сенім дауысына ие болуы үшін бір ай уақыт берілді.