Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы жақсарып келеді
(last modified Fri, 10 Apr 2020 13:44:04 GMT )
Сәу 10, 2020 19:44 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы жақсарып келеді

Иран Денсаулық сақтау министрлігі: «Елде коронавирусқа шалдыққандар жағдайының жақсару үдерісі қарқындай түсті. Қазір вирус жұқтырған 35465 адам емделіп, ауруханалардан шығарылды»,-деп мәлімдеді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур жұма күні тілшілерге берген сұхбатта елде коронавирус жұқтырғандардың соңғы статистикасын баяндап: «Өткен 24 сағатта нақты диагностикалық критерийлер бойынша елде тағы 1972 адам вирус жұқтырды. Жаңа жайттарды қосқанда қазір жалпы 68192 адам ауруға шалдықты»,-деді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі, сондай-ақ, өткен 24 сағатта 122 адамның қаза болғанына тоқталып, Иранда коронавирус салдарынан көз жұмғандар санының 4232 адамға жеткенін хабарлады.

 

Тегтер