Рухани ирандық мамандарды коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі шығаруға міндеттеді
ИИР Президенті Денсаулық сақтау министрлігі мен ғылым және технология істері жөніндегі орынбасарына коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі шығаруға тапсырыс бергенін айтты.
Хасан Рухани сенбі күні коронавирусқа қарсы күрес штабы комитеттерінің басшыларымен өткізген отырыста ирандық жас мамандардың ғылыми мүмкіндіктеріне сүйеніп, коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі шығару мүмкіндігін қуаттап: «Ирандық мамандар мен дәрігерлер елде іске асырылған зерттеулерге сүйеніп, сондай-ақ, өз зерттеулерінің жетістіктері және тәжірибелерімен басқа елдермен алмасып, бұл вирустың әрекеттері және эпидемияның алдын алу жолдарын табуға жақындады. Бұл өте маңызды»,- деді. Рухани сондай-ақ Ирандағы қоғамдық қашықтық сақтау жобасының іске асырылуына тоқталып: «Бұл жоба ирандық өмір сүру тәсілін зерттеу және ДДСҰ-ның негіздеріне сай іске асырылуда»,- деді.