Иранда коронавирус жұқтырған 46 мыңға жуық адам емделіп шықты
Сәу 13, 2020 19:16 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде 73303 адамның вирус жұқтырғанын, осы күнге дейін 45983 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде коронавирус жұқтыру үдерісінің төмендеп бара жатқанын айтып: «Өткен 24 сағатта нақты диагностикалық белгілерге сәйкес Иранда 1617 адамның вирус жұқтырғаны анықталды»,-деді.
Жаһанпур, сондай-ақ, өткен 24 сағатта қаза тапқан 111 адамды қосқанда елде вирустан көз жұмғандар санының 4585 адамға жеткенін хабарлады.