Иранның денсаулық сақтау саласындағы заттармен қамтамасыз ету жағдайы дамыған елдермен салыстыруға келмейді
ИИР Президенті Рухани елінің медициналық құралдар, дәрі-дәрмек, ауруханалық қажеттіліктер, дезинфекциялық заттар, маскалар және қолғаптармен қамтамасыз етуден проблемасының жоқтығына тоқталып, Иранның денсаулық сақтау саласындағы заттармен қамтамасыз етілу жағдайының дамыған елдермен салыстыруға келмейтінін қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күнгі Үкімет отырысында елдің медициналық бөлімдерінің коронавирус жұқтырған адамдарды анықтау және оларға күтім жасап, емдеу саласында жақсы жұмыс жасағанына тоқталып: «Кейбір елдерде науқастар ауруханаларға барғанымен, дәрігер, медбике, ICU орындары жеткіліксіз болды»,- деді. Рухани Иранда коронавирустың таралуы басталғаннан бері науқас адам ауруханаға келіп, оны қабылдамаған жайттың болмағанын, сондай-ақ, Иранда шетелдік азаматтарды да тегін емдейтінін мәлімдеді.