Иранда шамамен 56 000 адам коронавирустан жазылды
(last modified Sat, 18 Apr 2020 11:50:37 GMT )
Сәу 18, 2020 17:50 Asia/Almaty
  • Иранда шамамен 56 000 адам коронавирустан жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі елде осы күнге дейін 55987 адамның коронавирустан емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында елде коронавирус жұқтыру жайттарының төмендеу тенденциясына сілтеме жасап: «Соңғы 24 сағатта диагностикалық критерийлер бойынша Covid-19 жұқтырған тағы 1374 адам анықталды. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 80868 адамға жетті»,-деді. Джаханпур соңғы 24 сағат ішінде тағы 73 науқастың көз жұмғанына тоқталып: «Иранда коронавирус басталғаннан бері 5031 адам қайтыс болды»-деді.