Иранда коронавирустан 59 мыңнан астам адам жазылды
Сәу 20, 2020 18:13 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін Иранда коронавирус жұқтырған 59273 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елдегі коронавирусқа қатысты соңғы статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 24 сағат ішінде тағы 1294 адамның вирус жұқтырғанын, осы күнге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштер бойынша елде 83505 адамның осы вирусқа шалдыққанын айтты.
Жаһанпур, сондай-ақ, Иранда өткен 24 сағатта 91 адамның қаза тапқанын, жалпы коронавирустан көз жұмғандар саны 5209 адамға жеткенін мәлімдеді.