Иранда коронавирустан шамамен 63 000-нан астам адам жазылды
Сәу 22, 2020 18:58 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі елде 63113 адамның коронавирустан емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде коронавирус жұқтырғандарға байланысты соңғы мәліметтер жөнінде: «Соңғы 24 сағатта диагностикалық критерийлер бойынша Covid-19 жұқтырған тағы 1194 адамның анықталуымен елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 85996 адамға жетті»,- деді. Жаханпур соңғы 24 сағат ішінде тағы 94 науқастың көз жұмғанына тоқталып: «Иранда коронавирус басталғаннан бері 5391 адам қайтыс болды»,- деді.
Тегтер