Парсы шығанағындағы кез келген қоқан-лоққыға қатаң жауап беріледі
(last modified Thu, 23 Apr 2020 13:53:48 GMT )
Сәу 23, 2020 19:53 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағындағы кез келген қоқан-лоққыға қатаң жауап беріледі

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Парсы шығанағының қауіпсіздігін сақтауды Иранның қауіпсіздік стратегияларының бірі деп атап, осы аймақтағы кез келген қоқан-лоққыға жылдам әрі қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.


Сардар Хусейн Салами Абу Мұса, Үлкен Томб және Қешм аралдарын аралау барысында бұл жерлерде орналасқан күштердің дайындығын тексеріп: «Америкалықтарға айтарымыз, Иранның қорғаныс күштері ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, судағы шекаралар мен кеме қатынасының қауіпсіздігін қорғауға толық дайын. Сондықтан кез келген бүлдіргі әрекетке кесімді жауап береді.

Сақшылар корпусы теңіз күштерінің бөлімшелеріне егер АҚШ-тың лаңкес күштерінің бір әскери кемесі немесе бөлімшесі бейбіт кемелерге немесе Иранның әскери кемелерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, сол кеме немесе бөлімшені нысанаға алуға бұйрық берілді»,-деді.