Рухани: Иранда коронавируспен күресте үлкен іс атқарылды
ИИР Президенті елде коронавирусқа шалдыққандардың жағдайының жақсарып келе жатқанын айтып: «Халықты қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету саласында кейбір қиындықтардың барына қарамастан елде үлкен іс атқарылды»,-деді.
Хасан Рухани сенбі күні елдің жеке секторының белсенділерімен өткен отырыста коронавирус кезіндегі әлемнің қазіргі жағдайын бүкіл мемлекеттер үшін үлкен тарихи сынақ деп атап: «Бүкіл әлем елдері өз экономикасын басқара отырып, халықтың денсаулығын кепілдендіру саласында сыннан өтіп жатыр»,-деді.
Рухани Иранға қарсы заңсыз санкцияларға тоқталып: «Қазіргі таңда ИИР кейбір дамыған елдерге керісінше ешбір науқастың аурухана сыртында күтіп қалмауы үшін арнайы төсекпен қамтамасыз етіп, тиісті медициналық күтім жасай алады»,-деді.