Рухани: Коронавирустан таза аймақтарда діни мекендер ашылады
(last modified Mon, 27 Apr 2020 04:26:20 GMT )
Сәу 27, 2020 10:26 Asia/Almaty
  • Рухани: Коронавирустан таза аймақтарда діни мекендер ашылады

Иран Президенті елдің әртүрлі аймағының коронавирустың таралуы мен жұқтырғандар саны тұрғысынан «ақ», «сары» және «қызыл» аймақ болып үшке бөлінгенін айтып: «Коронавирустан таза «ақ аймақтарда» діни мекендер ашылып, жұма намаздары өткізіледі»,-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Ұлттық коронавируспен күрес штабының жиналысында елдің әртүрлі аймақтарының коронавирустың таралуы мен жұқтырғандар саны тұрғысынан бөлінгеніне тоқталып: «Санитарлық ережерлерге сәйкес, мысалы, бір аудандағы ауруханаға бір апта бойы вирус жұқтырған науқас әкелінбесе немесе адам қайтыс болмаса, жазылып шыққандар саны артып, екінші аптада да бұл үдеріс жалғасса, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі ол ауданды «ақ аудан» деп жариялайды»,-деді.  

Рухани, сондай-ақ, Иранның санитарлық заттар мен медициналық құрал-жабдықтардың көбін өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін айтып: «Санкция салып, жойып жібереміз деп ойлаған дұшпандар Иранның жетістіктерін көріп, ашу-ызыға булығып жатыр»,-деді.