Иранда коронавирустан 71000-ға жуық адам жазылды
(last modified Mon, 27 Apr 2020 13:05:57 GMT )
Сәу 27, 2020 19:05 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирустан 71000-ға жуық адам жазылды

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 70933 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы Киануш Жаһанпур дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатта елде коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы есеп жариялап, соңғы 24 сағатта тағы 991 адамның вирус жұқтырғанына тоқталып: «Диагностикалық көрсеткіштер бойынша, елде 91472 адам Covid-19 вирусын жұқтырды»,-деді.

Жаһанпур, сондай-ақ, коронавирус басталғаннан 36 күн өткенде елде күніне вирус жұқтырғандар санының бүгін алғаш рет мыңнан төмендегенін айтты.

 

Тегтер