Иранда коронавирус жұқтырған 72 мыңнан астам емделді
Сәу 28, 2020 18:45 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырған 72439 адамның емделіп, ауруханалардан шығарылғанын жариялады.
Иран Денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы Киянуш Жаһанпур сейсенбі күні журналистерге берген сұхбатта өткен 24 сағатта коронавирус жұқтырған тағы 1112 адамның тіркелуімен Иранда бұл ауруға шалдыққандардың жалпы санының 92584 адамға жеткенін, сондай-ақ, өткен 24 сағатта 71 адамның қайтыс болуымен елде коронавирус салдарынан 5877 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Тегтер