Ирандық шекарашылардың ауған азаматтарын өзенге лақтырғаны туралы уәж теріске шығарылды
(last modified Sun, 03 May 2020 13:52:56 GMT )
Maм 03, 2020 19:52 Asia/Almaty
  • Ирандық шекарашылардың ауған азаматтарын өзенге лақтырғаны туралы уәж теріске шығарылды

ИИР Полиция күштерінің шекара қызметі ирандық шекарашылардың Иран мен Ауғанстан шекарасында заңсыз ауған мигранттарды ұстап, азаптайтыны туралы уәждерді теріске шығарды.

ИИР Полиция күштері шекара қызметінің хабарлауынша, кейбір оппозициялық арналарда ирандық шекарашылардың ауған азаматтарын өзенге лақтырып жатқаны туралы видео жарияланғаннан кейін бұл мәселе бірден талқыланды. Тексеріс нәтижесінде мұндай оқиғаның болмағаны анықталды.

Осындай жағдайда Ауғанстан СІМ-нің жетекшісі Мұхаммад Ханиф Атмар: «Ирандық шекарашылардың Иран мен Ауғанстан шекарасында заңсыз ауған мигранттарды ұстап, азаптайтыны сияқты уәждерге қатысты болжам айтудан бас тарту керек»,-деп мәлімдеді.  

ИИР мен Ауғанстан өте жақсы қарым-қатынасқа ие. ИИР Полиция күштерінің шекарашылары өз елінің шекарасын ислами жанашырлықпен күзетумен қоса, ауған азаматтардың заңды қатынауы үшін бақылау-өткізу пункттерінде қызмет етеді.