Рухани: Халықтарға қысым көрсетудің орнына халықаралық ынтымақтастық орнату керек
ИИР Президенті халықтарға экономикалық терроризм түрінде қысым көрсету және әскери қоқан-лоққы жасаудың орнына шынайы және ортақ қоқан-лоққылармен күресу саласында екіжақты, жан-жақты және халықаралық ынтымақтастық қалыптастыру қажеттігін қуаттады.
Хасан Рухани дүйсенбі күні Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының видеоконференция түрінде өткен саммитінде барлық елдерді коронавируспен күресу саласында ынтымақтастық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырып: «АҚШ-тың адам құқығына қарсы әрекеті Иранның медицина саласындағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету уақытын ұзартып, кейбір жайттарда мүмкіндіктен айырып, Ислам республикасының коронавируспен күресу мақсатындағы бағдарламасын қиындыққа тіреді. АҚШ жылдар бойы біржақты және заңсыз санкцияларымен Иран халқын заңды құқықтарынан айырып, з әрекетімен жан-жақты және халықаралық ынтымақтастыққа қоқан-лоққы жасады»,- деді.