Иран: АҚШ – Ауғанстандағы соғыс қылмыскері
https://itolqyn.com/news/iran-i46653
Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ режимінің Герат провинциясындағы ауған мигранттар туралы айыптарын «тарихтың қалжыңы» атап: «Бұл режим – Ауғанстандағы соғыс қылмыскері және әлемдегі лаңкестікті қолдаушы»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 06, 2020 15:34 Asia/Almaty
  • Иран: АҚШ – Ауғанстандағы соғыс қылмыскері

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ режимінің Герат провинциясындағы ауған мигранттар туралы айыптарын «тарихтың қалжыңы» атап: «Бұл режим – Ауғанстандағы соғыс қылмыскері және әлемдегі лаңкестікті қолдаушы»,- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің Орта және Оңтүстік Азия істері жөніндегі басқармасының Иранның ауған мигранттарды азаптау туралы твитіне жауап беріп: «Иран Ауғанстанмен мықты қарым-қатынасқа ие және бұл елдің басшыларына коалициялық үкімет құруға көмектесіп жатыр»,- деп жазды.

Жексенбі күні кейбір арналар ирандық шекарашылардың ауған азаматтарын өзенге лақтыруы туралы клип таратқан соң тексеріс жүргізілді. Тексерістер   бұл тақырыптың шындыққа жанаспайтынын анықтады.