Рухани мен Лариджани Иран армиясы теңіз күштерінің шәһид болуына көңіл айтты
Maм 12, 2020 15:38 Asia/Almaty
Хасан Рухани Иран армиясының Бас қолбасшысы Сейед Абдолрахим Мусавиге теңіз жаттығуы кезінде бірқатар теңіз күштерінің шәһид болғанына көңіл айтып, жараланғандардың жылдам жазылуын тіледі.
Сондай-ақ, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани де өз жолдауында Иранның бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысына, шәһидтердің отбасылары мен жақындарына, ИИР армиясына көңіл айтып, Алладан шәһидтер үшін рақым, жарақат алғандардың жылдам жазылуын тіледі.
Иран армиясы Теңіз күштерінің қоғамдық байланыс бөлімі: «Жексенбі күні Джасак пен Чабаһар суларындағы әскери жаттығу кезінде «Конарак» жеңіл кемесі апатқа ұшырап, апатта 19 адам көз жұмып, 15 адам жараланды»,- деп мәлімдеді.
Тегтер