Коронавирусты анықтайтын ирандық тестерлер Түркия мен Германияға экспортталды
https://itolqyn.com/news/iran-i46753
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Киануш Жаһанпур Твиттердегі жеке парақшасында: «Иранда жасалған COVID-19-ды анықтайтын тестерлер Түркия мен Германияға жөнелтілді»,-деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 14, 2020 15:25 Asia/Almaty
  • Коронавирусты анықтайтын ирандық тестерлер Түркия мен Германияға экспортталды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Киануш Жаһанпур Твиттердегі жеке парақшасында: «Иранда жасалған COVID-19-ды анықтайтын тестерлер Түркия мен Германияға жөнелтілді»,-деп жазды.

Түркия бүгінде коронавирус қатты таралған елдердің біріне айналды.

Германияда да 174 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, олардың 7 мыңнан астамы көз жұмды.

Осы күнге дейін  әлемде 4 млн 431 мыңнан астам адамға вирус жұқты. Соның ішінде 298 мыңға жуық адам көз жұмып, 1 млн 600 мыңнан артық адам жазылып шықты.