Иран Сыртқы істер министрлігі: Сионистік режим террордан туындады
(last modified Wed, 20 May 2020 09:23:32 GMT )
Maм 20, 2020 15:23 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі: Сионистік режим террордан туындады

Иран Сыртқы істер министрлігі сионистік режимнің террордан туындағанын, сол кезден Палестина халқының мыңдаған азаматын, соның ішінде әйгілі араб тұлғалары мен ирандық ғалымдарды террор еткенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Израильдің лаңкес режимі Батыс Азия аймағында тәртіпсіздік орнату әрекеттерін әлі жалғастырып жатыр»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, Әлемдік Құдс күні жөнінде: «Құдс күні жыл сайын ислам әлеміне Израиль режимінің басқыншылығының Батыс Азия аймағындағы қайшылықтардың негізгі себебі екенін еске салады. Сионистік режим шапқыншылық, жаппай қырып-жоятын қаруға байланысты жасырын бағдарламалар мен заңбұзушылыққа толы»,- деді.