Рухани ислам елдерінің басшыларын Ораза айтпен құттықтады
ИИР Президенті ислам елдерінің басшыларына жеке-жеке жіберген жолдауында мұсылман үкіметтері мен халықтарын Ораза айтпен құттықтады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күнгі жолдауларында: «Ораза айттың берекесі және ғалымдар мен мамандардың талпынысымен әлем халқы дағдарыстарды, бүгінгі адамзаттың қиындықтарын, әсіресе коронавирус пандемиясын жеңіп, мұсылман халықтар мен дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі халықтар денсаулық, қауіпсіздік, бейбітшілік және тыныштықпен қамтамасыз етіледі»,- деген үміт білдірді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани да ислам елдерінің Парламент төрағаларын Ораза айтпен құттықтап: «Қазіргі әлемде ислам елдері парламенттерінің ислам әлемінің дағдарыстарымен, соның ішінде коронавирус дағдарысымен күресу саласындағы рөлі әсерлі болды»- деді.